×
477.48
555.83
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.48
555.83
6.65

Келесі оқу жылынан бастап мектептерде жаңа пән оқытылады

Бүгін, 12:09
Келесі оқу жылынан бастап мектептерде жаңа пән оқытылады
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан келесі оқу жылынан бастап мектептерінде жаңа пән оқытылады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Келесі оқу жылынан бастап мектептерде «Жеке қауіпсіздік» пәні оқытылады. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Жаңа оқу бағдарламасына жол жүру ережелері, қоғамдық орындардағы балалар қауіпсіздігі сабақтары кіреді.

Пән «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында енгізіліп жатыр. Ол 5-9 сынып оқушыларының сабақ кестесіне кіргізіледі.

– Иә, бағдарламада жол қозғалысы ережелері, жеке қауіпсіздік және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік тақырыптары қамтылады. Қазіргі таңда байқалып отырған және балаларды алдын ала дайындауды қажет ететін барлық мәселелер ескерілді. Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен «Үркен» орталығыарнайы бағдарламаны әзірледі. Оны педагогтар мен психологтар жүргізеді. Бағдарлама бесінші сыныптан тоғызыншы сыныпқа дейін енгізіледі, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Серіктес жаңалықтары