×
477.48
555.83
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.48
555.83
6.65

Астанадан ұша алмаған жүкті әйелге сот 340 мың рубль өндіріп берді

Бүгін, 14:25
Астанадан ұша алмаған жүкті әйелге сот 340 мың рубль өндіріп берді
ашық дереккөзден

Ресейдің Омбы облыстық соты Вьетнамға ұша алмаған жүкті әйелдің ісі бойынша шешім шығарып, туроператорды туристерге өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұл туралы ресейлік сот материалдарына сілтеме жасаған Ulysmedia.kz хабарлайды.

Не болған?

Омбы тұрғыны 2025 жылдың қыркүйегінде жұбайымен бірге Вьетнамға демалысқа бару үшін туристік пакет сатып алған. Турдың жалпы құны шамамен 120 мың рубль болған.

Алайда 24 қыркүйекте ерлі-зайыпты Астана әуежайынан ұшпақ болған кезде вьетнамдық VietJetAir әуе компаниясы әйелді рейске жібермеген. Себебі жолаушы жүкті болған. Мерзімі 32 апта. Әуе тасымалдаушысының ішкі ережесіне сәйкес, мұндай жағдайда ұшуға тыйым салынады. Салдарынан отбасы жолдан қалады.

Туристерге ескертілмеген

Сот барысында туроператор мен турагент клиенттерге жүктілікке қатысты шектеулер жөнінде алдын ала толық ақпарат бермегені анықталған. Туристерге ұсынылған жадынамада тек жалпы кеңестер ғана көрсетілген:

- жеке заттарды қараусыз қалдырмау,

- құжаттарды сақтау,

- қауіпсіздік ережелерін ұстану.

Ал жүкті әйелдердің қандай мерзімде ұша алмайтыны туралы мәлімет болмаған. Туроператор кейіннен құжат ұсынғанымен, агенттік менеджері оның клиентке берілмегенін сотта растаған.

Сот не деді?

Сот Ресей заңнамасында да, халықаралық авиациялық конвенцияларда да жүкті әйелдерді тасымалдауға тікелей тыйым жоқ екенін атап өтті. Сондықтан әуе компаниясының ішкі шектеулері жолаушыға алдын ала ескертілуі тиіс болған. Судьялар мұны тұтынушы құқығын бұзу деп таныды.

Нәтижесінде сот туроператордан:

- тур құнын,

- өсімпұлды,

- моральдық шығын өтемақысын,

- айыппұлды өндіріп беру туралы шешім шығарды.

Жалпы өтемақы көлемі 340 мың рубльден асқан. Омбы облыстық соты төменгі инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Серіктес жаңалықтары