×
485.95
565.74
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.95
565.74
6.83

Дональд Трампқа ұқсайтын буйвол құрбандықтан аман қалды

Дональд Трампқа ұқсайтын буйвол құрбандықтан аман қалды
Фото: видеодан скриншот

Бангладеште ерекше сыртқы келбетімен әлемдік БАҚ назарын аударған альбинос буйвол құрбандыққа шалынудан құтқарылды. Жергілікті тұрғындар жануарды АҚШ президенті Дональд Трамптың шаш үлгісіне ұқсайтын ақшыл жалына байланысты «Дональд Трамп» деп атап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАҒА БИЛІК АРАЛАСҚАН

CBS News мәліметінше, буйволды Құрбан айт мерекесінде құрбандыққа шалу жоспарланған. Алайда жануардың суреттері әлеуметтік желілерде кең тарап, әлем жұртшылығының қызығушылығын тудырғаннан кейін жағдай өзгерді.

Оқиғаға Бангладеш билігі араласып, елдің Ішкі істер министрі Салахуддин Ахмед жануарды құрбандыққа шалмауды тапсырған. Сонымен қатар буйволды құрбандыққа шалу үшін сатып алған азаматқа жұмсалған қаражатты қайтару жөнінде шешім қабылданды.

ТРАМПҚА ҰҚСАЙТЫН ҚЫРҒАУЫЛ

Енді ерекше буйвол ел астанасы Даккадағы ұлттық хайуанаттар бағына орналастырылады.

Жануардың иесі Зияуддин Мридханың айтуынша, буйвол өте жуас мінезді. Альбинос болғандықтан оған ерекше күтім қажет: жиі азықтандыру, тұрақты түрде шомылдыру және денсаулығын мұқият бақылау керек.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың Ханчжоу қаласындағы сафари-паркте мекендейтін Little Red («Кішкентай Қызыл») атты алтын қырғауыл да Дональд Трампқа ұқсастығымен танымал болған еді. Құстың сары айдары мен бет-әлпетінің ерекшелігі әлеуметтік желі қолданушылары мен журналистердің назарын аударған.

Серіктес жаңалықтары