×
485.95
565.74
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.95
565.74
6.83

Тоқаев балаларға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Бүгін, 09:31
Тоқаев балаларға қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Ақорда

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, балаларды қолдау мемлекет назарындағы басты бағыттардың бірі болып қала беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында балалардың құқықтары мен денсаулығын қорғау, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – жалпыұлттық міндет әрі конституциялық жауапкершілік екенін атап өтті.

«Балалардың бақытты балалығының негізі – тату әрі берекелі отбасы. Сондықтан отбасы институтын қолдау жаңартылған Конституциядағы маңызды нормалардың біріне айналды. Өскелең ұрпақтың әлеуеті зор екенін балаларымыздың білімде, спортта және шығармашылықтағы жетістіктері айқын көрсетіп отыр», – деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, мемлекет балаларды қолдау шараларын кезең-кезеңімен күшейтіп келеді. Ол өзінің бастамасымен іске қосылған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында әрбір бала мемлекет тарапынан қолдау алып отырғанын еске салды.

«Балалар Қазақстаны» тұжырымдамасы іске аса бастады

Президент биылдан бастап «Балалар Қазақстаны» тұжырымдамасын жүзеге асыру басталғанын хабарлады.

«Жас отандастарымызды қолдау әрдайым Әділетті әрі Өркениетті Қазақстанның басты назарында болады», – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Серіктес жаңалықтары