×
485.95
565.74
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.95
565.74
6.83

20 жыл бойы іздеуде болған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Бүгін, 09:41
20 жыл бойы іздеуде болған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды
ашық дереккөзден

Ресейде ұсталған Қазақстан азаматы қарақшылық шабуылға қатысы бар деген күдікпен елге экстрадицияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

2006 жылғы қылмыс

Қазақстан Бас прокуратурасының мәліметінше, күдікті 2006 жылы Павлодар қаласында бір топ адаммен бірге қару қолданып, қарақшылық шабуыл жасаған. Тергеу нұсқасы бойынша, олар жәбірленушінің мүлкін күш қолдану арқылы иемденген. Қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалар бұған дейін сотталып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Ал күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

Ресейде ұсталды

20 жылға жуық уақыт бойы бой тасалап жүрген азамат 2025 жылдың қыркүйегінде Ресейдің Новосібір облысында ұсталған. Кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы негізінде ол Қазақстанға экстрадицияланды.

Қандай жаза күтіп тұр

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оған тағылған айыптар дәлелденген жағдайда мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Серіктес жаңалықтары