×
485.95
565.74
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.95
565.74
6.83

«Әділет» партиясы ресми түрде тіркелді

Бүгін, 14:24
«Әділет» партиясы ресми түрде тіркелді
Фото: Әділет партиясы

1 маусымда «Әділет» партиясы ресми түрде тіркелді. Бұл туралы саяси бірлестіктің төрағасы Айбек Дәдебай мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz..

Жаңадан құрылған партия үкіметтің жүргізіп отырған саясатын қолдайды. Ұйым жетекшісінің пікірінше, бұл жаңа бірлестік елдегі саяси жүйедегі бәсекелестікті күшейтеді.

«Бүгін «Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл – еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған саяси реформалардың нәтижесінде еліміздің саяси жүйесі ашық әрі бәсекеге қабілетті бола түсті», – деді Дәдебай.

Партия қатарында еңбек адамдары, мұнай сервистік және тау-кен металлургиясы саласының қызметкерлері, шахтерлер, спорт, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, кәсіпкерлік, IT-сектор, құқықтану және креативті индустрия өкілдері еніп отыр.

Сөз соңында оол саяси бірлестікке қосылған азаматтарға алғыс айтты.

Айта кетейік, бұған дейін бастамашыл топ «Әділет» партиясы құрылатынын биыл сәуірдің ортасында мәлімдеген еді. 

Серіктес жаңалықтары