×
488.96
569.49
6.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.96
569.49
6.81

Шетел қаржыландырған қазақстандықтар тізімі жарияланды

Бүгін, 11:08
Шетел қаржыландырған қазақстандықтар тізімі жарияланды
Фото: gettyimages.com

2025 жылдың екінші жартысында Қазақстан азаматтары мен компаниялары шетелден 12 млрд теңгеден астам қаржы алған. Мемлекеттік кірістер комитеті алғаш рет шетелдік донорлар мен нақты сомалар көрсетілген тізімді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тізімге үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қорлар, медиа құрылымдар және құқық қорғау ұйымдары енгізілген. Олар халықаралық ұйымдардан, шетелдік қорлардан, дипломатиялық өкілдіктерден және өзге де шетелдік институттардан қаржы алған.

Ең көп көлемдегі шетелдік қаржыландыруды құқық қорғау саласындағы ұйымдар мен журналистер алған.

Ашық дереккөздерге сәйкес, құқық қорғау саласында жұмыс істейтін ұйымдардың ішінде ең ірі қаржыландыруды «Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы» ҚБ (Е. Жовтис, И. Иманбай және басқалар) алған. Сомасы 350 млн теңгеден астам. Қаржы Джордж Соростың «Ашық қоғам институты» құрылымдары, SIGRID RAUSING TRUST және National Endowment for Democracy (NED) сияқты халықаралық ұйымдардан түскен.

MediaNet журналистері (Ә. Жәлелов) жарты жыл ішінде шамамен 300 млн теңге көлемінде қаржы алған. Негізгі донорлар қатарында «Ашық қоғам институты», European Endowment for Democracy, THE NIPPON FOUNDATION және n-ost – Netzwerk für Osteuropa-Berichterstattung e ұйымдары бар.

Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (Д. Нұрымов) 284 млн теңге көлемінде қаржыландырылған. Донорлар ретінде Еуропалық комиссия, Заманауи журналистиканы дамыту орталығы және АҚШ Мемлекеттік департаменті көрсетілген.

2023 жылы «Сорос-Қазақстан» қоры негізінде құрылған CAPS Unlock қоғамдық қоры (басшысы А. Айдарқұлова) Ашық қоғамды қолдау қоры (OSF және FPOS) арқылы 175 млн теңге алған.

PaperLab қоғамдық қоры (С. Бейсембаев, А. Решетняк, К. Қабатова, А. Тілегенова және басқалар) Мемлекеттік кірістер комитеті тізілімінде 99 млн теңгемен көрсетілген. Қаржыландыру көздері ретінде «Ашық қоғам институты» және National Endowment for Democracy аталады.

«Әділ сөз» ұйымы (Қ. Жаманқұлова, Д. Уткин, Т. Калеева) 97 млн теңге алған. Қаражат Ұлыбритания мен Нидерланды елшіліктері арқылы берілген.

«Бостандық қанаты» қоғамдық қоры (Р. Реймер, Е. Швецова) 61 млн теңге көлемінде қаржыландырылған. Донорлар қатарында Ашық қоғамды қолдау қоры (FPOS), Нидерланды елшілігі және Соғысты зерттеу институты (ISW) бар.

Бақытжан Төреғожина басқаратын «Ар.Рух.Хақ» ұйымы Foreign, Commonwealth & Development Office (FCDO) және National Endowment for Democracy тарапынан 44 млн теңге алған.

Гендерлік мәселелермен айналысатын FemAgora қоғамдық қоры (Лейла Зулейха Махмудова, Ксения Удод, Дария Касмамытова) 15 млн теңге қаржы алған.

Ақша көлемі мен қаржыландыру көздері көрсетілген бұл тізілім Салық кодексі мен «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заң талаптарына сәйкес жарияланған. Дегенмен құжатта бөлінген қаражаттың нақты қандай жобаларға жұмсалғаны және түпкі бенефициарлар туралы толық ақпарат көрсетілмеген.

Серіктес жаңалықтары