×
488.96
569.49
6.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.96
569.49
6.81

АҚШ билігі қазақстандық миллиардерді тергеуі мүмкін

Бүгін, 15:21
АҚШ билігі қазақстандық миллиардерді тергеуі мүмкін
Ulysmedia коллажы

Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің бірі Тимур Турлов АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясынан (SEC) «Уэллс хабарламасы» деп аталатын ресми хабарлама алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

АҚШ-та Турловқа қатысты қандай сұрақтар туындады?

Бұл жөнінде Bloomberg басылымы Тимур Турловтың иелігіндегі Freedom Holding Corp. компаниясының қаржылық құжаттарына сілтеме жасап жазды. Кәсіпкер бұл хабарламаны наурыз айында алған.

Freedom Holding пен Тимур Турлов SEC-тің алдын ала қорытындысына қарсылық білдірген.

АҚШ-тың қор нарығын қадағалайтын негізгі реттеушісі SEC Турловтың бизнесіне 2021 жылдан бері қызығушылық танытып келеді. Комиссияны компанияның нарықтағы ірі қатысушылармен қарым-қатынасы және ішкі мәмілелерді бухгалтерлік есепке алу тәжірибесі қызықтырып отыр.

«Уэллс хабарламасы» нені білдіреді?

«Уэллс хабарламасы»– SEC тарапынан компанияға немесе тұлғаға жіберілетін стандартты ескерту хат. Ол реттеушінің тексеру бастау немесе мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіндігін қарастырып жатқанын білдіреді.   Алайда бұл айыптау  емес, заң бұзушылық дәлелденді деген сөз де емес. Тергеудің соңғы қорытындысы болып саналмайды.

Мұндай хатты алған тарапқа әдетте кемінде бір айдап өз түсініктемелері мен қажетті құжаттарын ұсынуға мүмкіндік беріледі.

Құжат атауы SEC жанындағы тиісті комитетті басқарған заңгер Джон Уэллстің есімімен байланысты.

«Уэллс хабарламасын» алу компанияның міндетті түрде заңды бұзғанын білдірмейді. Алайда статистика мұндай хат алған ұйымдарға кейін АҚШ-тың бағалы қағаздар туралы заңнамасын бұзды деген айыптардың жиі тағылатынын көрсетеді. Мәселен, 2011-2013 жылдар аралығында «Уэллс хабарламасын» алған жағдайлардың шамамен 80 пайызында кейін ресми айыптар тағылған.

Турловтың Қазақстандағы бизнесі

Тимур Турлов Freedom Holding компаниясының шамамен 70 пайыз үлесіне иелік етеді. Forbes рейтингі бойынша ол Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің алғашқы ондығына кіреді. 2026 жылғы бағалау бойынша оның байлығы 5,2 миллиард долларды құрайды.


 

Серіктес жаңалықтары