Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен өтетін Петербург халықаралық экономикалық форумының ашылуы қарсаңында Украина Ленинград облысын дрондармен шабуылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
Маусымның 3-іне қараған түні Украина Ресейдің Ленинград облысын дронмен атқылады. Шабуыл Петербург халықаралық экономикалық форумының ашылуына бірер сағат қалғанда болған. Пулково әуежайында ұшақтардың ұшуы мен қонуына шектеу қойылды.
– Ленинград облысы аумағында әуе қорғаныс күштері 30 дронды атып түсірді. Ұрыс жұмыстары жалғасып жатыр, – деп мәлімдеді облыс губернаторы Александр Дрозденко.
Петербург халықаралық экономикалық форумының алғашқы шарасы 3 маусым жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00-де басталуы тиіс. Ресей президенті Владимир Путин форумға 5 маусымда келеді деп жоспарлануда.