"Қазгидромет" РМК 6-8 маусымға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы үш күнде батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз әсерін сақтайды. Соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, екпінді және дауылды сипат алады, сондай-ақ бұршақ түседі деп күтілуде.
6–8 маусым күндері – елдің батысында, 6 маусымда – қиыр солтүстікте және оңтүстік-шығыста, 8 маусымда – солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Кезеңнің басында елдің шығысы мен орталығында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
Күндіз ауа температурасы батыста +20…+30°С-қа дейін төмендейді, солтүстікте +28…+35°С-қа дейін жоғарылайды, орталықта +30…+38°С қатты ыстық күтіледі, оңтүстікте +35…+40°С қатты ыстық болады. Ал оңтүстік-шығыста +30…+39°С, шығыста ауа температурасы +30…+37°С аралығындағы қатты ыстық болады.