×
487.44
567.38
6.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.44
567.38
6.62

13 жастағы оқушы Threads арқылы айына 200 мың теңге табады

Бүгін, 15:12
13 жастағы оқушы Threads арқылы айына 200 мың теңге табады
Фото: digitalbusiness.kz

Павлодар қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 13 жастағы оқушысы Әмірхан Асанов Threads әлеуметтік желісінде контент жариялау арқылы ай сайын шамамен 200 мың теңге табыс табады. Оның айтуынша, бұл жұмысқа күніне небәрі жарты сағат уақыт жұмсайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

digitalbusiness.kz жазуынша, Әмірхан алғашында TikTok пен YouTube платформаларына арналған UGC-контент әзірлеген. Жасанды интеллект көмегімен қысқа видеолар жасап, мектеп оқушыларына пайдалы ресурстар мен тренингтерге шолу жариялап жүрген. Уақыт өте келе оның видеолары миллиондаған қаралым жинап, контентті монетизациялау мүмкіндігін ашқан.

Кейін оқушы IELTS емтиханына дайындайтын орталықтардың бірімен жұмыс істей бастаған. Ол Threads желісінде жарнамалық жазбалар жариялайды. Жазбадағы сілтеме арқылы қызмет сатып алынған сайын Әмірхан әр төлемнен 11 пайыз комиссия алады. Осылайша оның ай сайынғы табысы 200 мың теңгеге жеткен.

Контент дайындауда ол жасанды интеллект құралдарын пайдаланады. Gemini суреттер әзірлеуге көмектессе, Claude идея ұсынады, ал ChatGPT трендтерді талдайды. Соның арқасында бір жазбаны дайындауға орта есеппен 3-4 минут қана кетеді.

Әмірхан жазбаларын көбіне кешкі 17:00-20:00 аралығында жариялайды. Оның пікірінше, дәл осы уақытта аудитория әлеуметтік желілерде белсенді болады.

Қазір жас блогер жаңа бағытқа бет бұрып отыр. Ол досымен бірге оқушыларды мемлекеттік емтихандарға, сондай-ақ НЗМ мен «Дарын» мектептеріне түсуге дайындайтын nisonline.asia білім беру платформасын әзірлеуде. Жоба әлі толық аяқталмағанымен, жұмыс жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары