×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Елде Көші-қон комитеті құрылады

27.09.2021, 17:16
Фото: Ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Көші-қон жөніндегі комитеті құрылады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, тиімді еңбек нарығын құру үшін елдің миграциялық саясатын дамытудың маңыздылығы аз емес. Сондықтан президент жолдауында көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу міндетін қойған.

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон жөніндегі комитеті құрылады», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында.

Комитет елдің оңтүстік өңірлерінен солтүстігіне қарай қоныс аударатын тұрғындарға төлем жасаудың тетігі жетілдіреді. Қоныс аударғандарға үй құрылысына арналған жер телімінен бөлек, ауыл шаруашылығын жүргізуге де жер ұсыну мүмкіндігі жасалады.

Серіктес жаңалықтары