×
484.78
558.66
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.78
558.66
6.6

«Отбасы банк» ипотекасы қымбаттады: Ол қай бағдарламаларға әсер етеді?

Бүгін, 17:50
«Отбасы банк» ипотекасы қымбаттады: Ол қай бағдарламаларға әсер етеді?
Фото: depositphotos.com

Отбасы банк 2026 жылдың 4 маусымынан бастап аралық ипотекалық несиелер бойынша жаңа шарттар енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

krisha.kz жазуынша, жаңа тәртіпке сәйкес, аралық несиелер үшін бұрын қолданылған 6%–8,5% аралығындағы әртүрлі ставкалардың орнына жылдық 8,5% бірыңғай мөлшерлеме белгіленеді. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 9%-9,6% аралығында болады.

Аралық несие деген не

Аралық несие –  депозитте тұрғын үй құнының кемінде 50%-ын жинаған, бірақ тұрғын үй несиесіне қажетті бағалау көрсеткіші (ОП 16) жетпеген клиенттерге берілетін ипотека түрі.

Оны алу үшін тұрғын үй құнының кемінде 50%-ын жинау қажет, бағалау көрсеткіші кемінде 5 болуы тиіс, 50% жинағаннан кейін кемінде 6 ай күту керек.

Жаңа ставка кімдерге қатысты?

Жаңа 8,5% мөлшерлеме тек жаңа қарыз алушыларға қолданылады. Банк 2026 жылғы 4 маусымға дейін алдын ала мақұлдау алған клиенттерге бұрынғы шарттар сақталатынын мәлімдеді. Яғни, ипотеканы рәсімдеу сатысындағы азаматтарға шарттар өзгермейді.

Басқа несиелер өзгерді ме?

Жоқ. Өзгерістер тек аралық несиелерге қатысты.

Тұрғын үй несиелері бұрынғыдай қалады, алдын ала несие шарттары өзгермейді.

Жаңа ставка қандай бағдарламаларға әсер етеді?

8,5% ставка келесі бағыттарға қолданылады:

бастапқы тұрғын үй сатып алу;

қайталама нарықтағы пәтерлер;

үй салу;

жер учаскесін сатып алу;

жөндеу және модернизация;

«Свой дом» бағдарламасы;

жалдамалы үйді кейін сатып алу;

«Әскери баспана» бағдарламасы.

«Наурыз» бағдарламасы өзгере ме?

Жоқ. «Наурыз» бағдарламасы жеке реттеледі, сондықтан өзгерістер оған әсер етпейді.

«Жас отбасы» бағдарламасы ше?

Жоқ, бұл бағдарлама да өзгермейді. Отбасы банк бойынша «Жас отбасы» бағдарламасының ставкасы бұрынғыдай — 6% болып қалады.

Бағдарлама шарттары:

ерлі-зайыптылар депозит ашуы керек;

кемінде 1 жыл жинақтау;

үй құнының 50%-ын жинау;

ОП кемінде 5;

некенің мерзімі 5 жылдан аспауы тиіс.

Серіктес жаңалықтары