×
490.21
566.93
6.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.21
566.93
6.81

17 мың адам декрет төлемін заңсыз көбейткен: қанша іс сотқа жетті?

Бүгін, 15:50
17 мың адам декрет төлемін заңсыз көбейткен: қанша іс  сотқа жетті?
Фото:depositphotos.com

Елде 17 мыңнан астам әйел бірнеше жерде жұмыс істейтінін көрсетіп, жүктілік пен босануға байланысты мемлекеттен 28,6 млрд теңге көлемінде төлем алған. Олардың ішінде 42 жұмыс орнын көрсеткен жағдайлар да анықталған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Толығырақ

Оның айтуынша, Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеріс нәтижесінде жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемдердің шекті мерзімі бекітілгенге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына 67 млрд теңге шығын келгені анықталған.

“Іріктемелі аудит барысында 17 мың адамның жүктілік және босану төлемдерін заңсыз көбейту мақсатында 42-ге дейін жалған жұмыс орнын көрсеткені анықталған. Соның нәтижесінде оларға төленген әлеуметтік төлем көлемі 28,6 млрд теңгеге жеткен. Сонымен қатар бала күтімі бойынша төлемдерді тоқтату немесе уақытша тоқтату тетігінің болмауынан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына 28,3 млрд теңге шығын келген”, – деді ол. 

Депутат Еңбек министрлігінен 17 мың деректің қаншасы сотқа жеткені және қанша адам жауапқа тартылғаны туралы сұрады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегайдың мәліметінше, 13 өңірде 38-ден астам қылмыстық іс тіркелген.

“Барлық іс материалдары құқық қорғау органдарына жолданған. Қазір мыңнан астам әйел сотқа тартылып жатыр. Алдын ала есеп бойынша шығын 3 млрд теңге шамасында. Сондай-ақ заңсыз схемаларды ұйымдастырғандарға қатысты 9 іс бойынша сот үкімі шығарылған”, – деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары