×
488.59
564.37
6.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.59
564.37
6.79

«Болашақ» талапқа сай келмейтін үміткерлерге 7,7 млрд теңге жұмсаған

Бүгін, 10:28
«Болашақ» талапқа сай келмейтін үміткерлерге 7,7 млрд теңге жұмсаған
Фото:: gov.kz

2025 жылы «Болашақ» халықаралық стипендия бағдарламасына жүргізілген аудит барысында бірқатар жүйелік кемшіліктер мен қаржылық бұзушылық анықталды. Жоғары аудиторлық палата деректеріне сәйкес, бағдарлама аясында талаптарға сай келмейтін 801 үміткерге негізсіз стипендия тағайындалған жағдайлар тіркелген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Толығырақ

Жалпы есеп бойынша, шамамен 800 маманды оқытуға мемлекет бюджеттен 7,7 млрд теңге бөлген. Алайда олардың ішінде 340 адам мемлекет үшін басым бағыттар тізіміне кірмейтін мамандықтар бойынша білім алған.

Сонымен бірге, бекітілген квотадан асып кетіп, қосымша 151 стипендия заңнамада белгіленген шектен тыс берілген. Аудиторлар мұндай жағдайларды шамамен 2,5 млрд теңге көлеміндегі тиімсіз бюджет шығыны ретінде бағалады.

Тексеру барысында Президенттің тапсырмасымен енгізілген «Жасанды интеллект» бағытына қатысты да олқылықтар анықталды. Бұл салаға арнайы бөлінген 54 стипендияның 49-ы басқа мамандықтарға қайта бөлініп кеткен, нәтижесінде жоспарланған бағыт толық орындалмаған.

Сонымен қатар, аудит 71 жағдайда қатысушылардың бір-біріне кепілгер ретінде тіркелгенін анықтады. Мұндай тәжірибе тәуекел тудырады,егер стипендиаттардың бірі өз міндеттемесін орындамаса, оның қаржылық жауапкершілігін кепіл болған тұлға өтеуге міндетті болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары