Қазақстанның бірінші ракеткасы Elena Rybakina Лондонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады.
Sportarena.kz мәліметінше, ширек финалда әлемнің екінші ракеткасы саналатын Рыбакина әлемдік рейтингте 73-орында тұрған британиялық Katie Boulter теннисшіге күтпеген жерден 5:7, 6:2, 4:6 есебімен жол берді.
Матч 2 сағат 39 минутқа созылды. Осылайша қазақстандық теннисші беделді шөп төсенішіндегі турнирдегі жарысын ширек финал кезеңінде аяқтады.
Бұған дейін екі теннисші кортта екі рет кездесіп, екі ойында да Рыбакина жеңіске жеткен болатын.
Енді Кэти Бултердің келесі қарсыласы хорватиялық теннисші Donna Vekic болады.
Биылғы турнирдің жүлде қоры – 1,915 миллион доллар. Жеңімпаз 294 445 доллар сыйақы мен WTA рейтингінің 500 ұпайына ие болады.
Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина Лондондағы турнирде жарыстың қазіргі чемпионын жеңген еді. Ал қазақстандық теннисші Alexander Bublik Германиядағы турнирдің жартылай финалына шыққан.