×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Газ өндірісі: Қазақстан биыл көгілдір отыннан тарықпай ма

07.02.2023, 17:11
фото: ашық дереккөзден

Елімізде биыл газ тапшылығы болмайды. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көгілдір отын нарығындағы жағдайды LS агенттігіне түсіндірген министрлік биыл ішкі нарық көгілдір отыннан тарықпайтынына сендірді.

Бұл ретте Энергетика министрлігі болашақта тапшылықты болдырмау үшін газдың ресурстық базасын толықтыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұл сонымен қатар импортты алмастыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар, ведомство Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыс тобы аясында "Ресей – Қазақстан – Қытай" транзиттік газ құбырын салу мәселелері пысықталып жатқанын мәлім етті. Жақын арада құрылыстың қуаты, құны және мерзімі бекітілмекші.

Энергетика министрлігі 2023 жылы газ өндіру көлемі 53,5 млрд текше метрді құрайды деп болжап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5%-ға артық.
 

Серіктес жаңалықтары