×
489.33
566.3
6.74
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.33
566.3
6.74

Алматы соты «ҚазТАГ» бас редакторының үйқамақ мерзімін ұзартты

Бүгін, 11:07
Алматы соты «ҚазТАГ» бас редакторының үйқамақ мерзімін ұзартты
видеодан скрин

Алматы қалалық соты ҚазТАГ бас редакторы Әмір Касеновке қатысты үйқамақ мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 319-бабына сәйкес, қылмыстық іс сотқа түскен кезде судья бір уақытта бұлтартпау шарасын қолдану немесе оны өзгерту мәселесін де қарайды.

“Аталған іс бойынша сот ағымдағы жылдың 5 маусым күні бұрын таңдалған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдыру туралы процестік шешім қабылдады. Осыған байланысты бұлтартпау шарасының мерзімі аяқталды деген мәлімдемелер сот актісінің мазмұнына сәйкес келмейді”, – делінген хабарламада.

Сот қаулысы процеске қатысушылар мен олардың қорғаушылары үшін «Сот кабинеті» жүйесі арқылы қолжетімді.

“Жүктелген шектеулер мен міндеттер бұзылған жағдайда сот заңнамада көзделген тәртіппен бұлтартпау шарасын өзгертуге, оның ішінде неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасын қолдануға құқылы”, – делінгнен Алматы қалалық соты таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін  ҚазТАГ-тың бас редакторы мәлімдеме жасаған еді.

Контекст

Былтыр желтоқсанның басында ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев пен ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген күдікке ілінген.

10 маусымда Әмір Қасеновтың медиациялық келісімге келуге дайын екендігі туралы ақпарат тараған. Адвокат Сәлімжан Мусин бүгінгі сот отырысынан кейін журналистерге Қасеновтің «ақылға қонымды жағдайда келісімге келуге дайын екенін, бірақ кінәсін мойындамайтынын» айтты.

Маусымның басында үйқамақта отырған Әмір Қасенов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жасап, соттың ашық өтуін талап еткен. Ол сот жабық болған жағдайда аштық жариялайтынын айтқан.

Агенттіктің үстінен Freedom Finance компаниясы арыз түсірген. ҚазТАГ бұған дейін Freedom Finance компаниясындағы «алаяқтық схемалардан зардап шеккендер» жайлы деп бірнеше мақала мен видео жариялаған. Ал Freedom Finance жарияланған мақала мен видеолар шындыққа жанаспайды дейді. ҚазТАГ бұл істі өздеріне жасалған қысым деп санайды.

Серіктес жаңалықтары