×
489.39
567.5
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.39
567.5
6.69

Блогерлер жаппай жарнамалаған ағылшын тілі курсы мүлдем сабақ өткізбеген

Бүгін, 12:35
Блогерлер жаппай жарнамалаған ағылшын тілі курсы мүлдем сабақ өткізбеген
Ulysmedia.kz коллажы

Көпшілікке Aeka Posh лақап атымен танымал блогер Айым Алтынбекова, журналист Әлия Әшім, дизайнер Айжұлдыз Адайбекова және тағы басқалар жарнамалаған ағылшыны тілі курсына тұтынушылар шағымданып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Желі қолданушысы Нұрлыбай Әйгерім сатып алған курсының блогерлер жарнамалағандай болмай шыққанын айтады. 

“Блогерлердің жарнамасына сеніп, осы курсты сатып алған едім. @aeka.posh@aliyaashim@aizhuldyz_adaibekova@farizatoreali@qaramanuly. Қазір Instagram-дағы аккаунты жоқ, бірақ TikTok-та жарнамасы әлі де жүріп жатыр. Бұл “Alem”деп аталатын ағылшын тілін оқытатын орталық. Маған бір нәрсе қызық, мен сияқты тағы қанша адам осы жарнамаға сеніп ақша төледі екен? Егер сіз де осы курсты сатып алған болсаңыз, пікірге өз тәжірибеңізді жазыңыз. Жақсы немесе жағымсыз болса да, шынайы пікірлер маңызды”, – деп жазды ол желіде. 

Желі қолданушылары арасында да аталған курсқа көңілдері толмағандар бар. Тіпті, ағылшын тілін оқытатын орталық ақшаны жинап алып, сабақ мүлдем өткізбенгенін жазып жатқандар бар. 

“Барлық алаяқтарды жинап алган екен бұл Аека. Бүкіл халыкты алдап керемет болып кетем деп ойлады ма екен”, “Жақсы солай болса, біздің оған қатысымыз не? Сабақ мүлде өтпек түгілі басталмады да ғой. Бұны қалай түсінеміз? Басшысымақтары мүлде телефон көтермейді, түсіндіріп мән-жайды айтпайды”, “Бәрі келіп қара халықты алдайды. Қою керек қой. Өтініш, сене бермеңдерші. Қытайда осындай алдайтын блогерлердің аккаунтарын жауып тастайды. Оларда “культ роскошін” алып тастап жатыр”, “Жалақы мұғаілмдерге төлей алмады, 2 айдан кейін төледі, сондықтан сабақтарды доғарып шығып кетті” дейді олар.

Олардың кейбірі курсқа қанша ақша жұмсағандарын бөлісті.

“Айтпақшы,  мен де магистратураға дайындайтын “Грант мастер” деген курстарын қосымшасымен 100.000 теңгеге сатып алғам. Әлия Әшімнің жарнамасынан кейін алғам. Үш айдан соң, ол қосымша да, Инстаграмдағы парақшасы да,  сол беті жоғалып кетті”, – деп жазды Мөлдір Сайлаухан есімді қолданушы. 

Серіктес жаңалықтары