×
489.39
567.5
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.39
567.5
6.69

Күзде зейнетақы жүйесі тағы да өзгеріске ұшырайды

Бүгін, 16:04
Күзде зейнетақы жүйесі тағы да өзгеріске ұшырайды
Ulysmedia коллажы

Сенат кулуарында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев Қазақстанның зейнетақы жүйесіне жаңа реформа енгізілетінін растады. Айтуынша, қазір екі ықтимал сценарий талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің айтуынша, қазақстандықтар үшін ештеңе өзгермейді. Олар бәрібір ай сайын табысының 10% мөлшерін зейнетақы шотына аударатын болады. Талқылау жұмыс берушілердің міндетті жарналарына қатысты, олар жақын уақытта қызметкерлердің жалақысынан 5% деңгейіне дейін жетеді.

“Бұл 5%-дық аударымдар қазіргі уақытта екі негізгі жоба аясында қарастырылып жатыр. Бірінші жоба «4+1», ол жинақтаушы және сақтандыру зейнетақысын қамтиды. Оны БЖЗҚ ұсынады. «4+1» деген не? Қазір сіздің шотыңызға 10% аударылады. Енді соған қосымша тағы 4% аудару ұсынылады, ал 1% ортақ шотқа түседі. Ал мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры не ұсынады? Ол барлық қаражатты бірден ортақ шотқа аударып, сол аударымдары бар азаматтарға қайта бөлуге мүмкіндік беруді ұсынады. Яғни, бұл әрбір азаматтың зейнетақы шотына түсетін қосымша қаражат болады”, - деген министр болашақ реформаның ықтимал нұсқаларын түсіндірді.

Түпкілікті шешім шілде айына дейін қабылданады. Сонымен қатар, Ертаев екі нұсқаны да қолдайтынын атап өтті.

Жұмыс берушілерге түсетін жүктеме

Қазіргі уақытта жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары  жалақының 3,5% мөлшерін құрайды. Дегенмен, кәсіпкерлер салықтар мен жарналардың көптігінен оларды төлеу барған сайын қиын болып бара жатқанын жиі айтады.

Осыған байланысты журналистер Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінен жұмыс берушілер жалақыны көлеңкелі экономикаға шығарып жіберуі немесе қызметкерлерге нақты төлемдерді азайтуы мүмкін бе, деген деген сұрақ қойды.

Аскарбек Ертаевтың айтуынша, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары жалақы қорына тікелей жүктеме болып саналмайды. Сонымен қатар, зейнетақы реформасы бірден емес, бірнеше жыл ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асуы мүмкін.

Контекст

Міндетті жұмыс беруші жарналары қазақстандықтар үшін қартайған шақта қосымша қор ретінде қарастырылады. Бұл жарналардың қызметкердің өз зейнетақы аударымдарынан айырмашылығы мұраға қалмайды. Ол адамның 80 жасқа жеткеннен кейінгі зейнетақы төлемдерінің көзі болады.

Серіктес жаңалықтары