Қазақстанда зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты жаңа ұсыныстар талқылануда. Соның ішінде 40 жыл еңбек өтілі бар азаматтарды зейнетке ертерек шығару мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Еңбек министрлігінде өткен кеңесте Сенат депутаты Амангелді Нұғманов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Кеңес барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев төрағалығымен зейнетақы жүйесін жетілдіруге бағытталған бірнеше тұжырымдамалық тәсіл таныстырылды. Негізгі мақсат – зейнетақы қорының қаржылық тұрақтылығын күшейту және төлемдердің деңгейін арттыру.
Ең көп талқыланған бастамалардың бірі – 40 жылдық еңбек өтілін зейнетке шығудың негізгі шарты ретінде енгізу ұсынысы болды. Бұл әсіресе бюджеттік сала қызметкерлеріне қатысты икемді зейнетке шығу мүмкіндігін қарастыруды көздейді.
Сонымен қатар, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жаңа моделі де ұсынылды. Оған сәйкес жұмыс беруші жарналарының бір бөлігі азаматтың жеке зейнетақы шотына, ал қалған бөлігі сақтандыру құрамдас бөлікке бағытталуы мүмкін. Бұл тәсіл зейнеткерлерге өмір бойы тұрақты төлемдер беруді қамтамасыз етуге бағытталған.
Талқылауға экономистер Болат Жәмішев, Ораз Жандосов, Елена Бахмутова және Әлихан Байменов қатысты.
Еңбек министрлігі бұл ұсыныстардың бәрі әзірге талқылау кезеңінде екенін және түпкілікті шешім емес, тек ұсынымдық сипатта екенін атап өтті.
Контекст
Бщұған дейін күзде зейнетақы жүйесі тағы да өзгеріске ұшырайтыны хабарланған еді.