×
488.37
559.77
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.37
559.77
6.64

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Түркиядан депортацияланды

Бүгін, 11:13
Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Түркиядан депортацияланды
Видеодан алынған кадр

2026 жылғы 19 маусымда Түркия Республикасынан Қазақстанға бірнеше алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Іздеуде жүрген ер адам Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған.

– Оны Қазақстанға қайтаруды ұйымдастыруда ҚР ІІМ-нің Түркия Республикасындағы өкілі мен Қазақстан Республикасының Елшілігі өзара іс-қимыл жасап, елеулі көмек көрсетті, – деп хабарлады полиция.

ҚАНДАЙ КҮДІККЕ ІЛІНІП ОТЫР

Тергеу мәліметіне қарағанда, күдікті 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтын пайдаланып, Атыраудың екі тұрғынының үш миллион теңгеден астам қаражатын алдап иемденген.

Күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ішкі істер министрлігі жауапкершіліктен жалтарып, елімізден тыс жерде жүрген адамдарды анықтау және оларды ұстау бойынша жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.


 

Серіктес жаңалықтары