×
488.37
559.77
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.37
559.77
6.64

Ринат Казаченко жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Бүгін, 15:12
Ринат Казаченко жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан оқ атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанған Ринат Казаченко Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Қазақстандық мерген 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі винтовкамен үш қалыпта ату бағдарламасында екінші нәтиже көрсетті. Финалда ол 355,2 ұпай жинады.

Алтын медальді Рохит Каньян жеңіп алды — 355,9 ұпай. Үздік үштікті Патрик Энтнер түйіндеді — 344,0 ұпай.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының осы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі болды.

Серіктес жаңалықтары