×
488.37
559.77
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.37
559.77
6.64

Әртістік жүзу: Виктор Друзин әлем кубогы суперфиналында екінші медалін жеңіп алды

Бүгін, 09:08
Әртістік жүзу: Виктор Друзин әлем кубогы суперфиналында екінші медалін жеңіп алды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Виктор Друзин Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогының суперфиналында Қазақстан қоржынына екінші жүлдені салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Спортшы еркін бағдарламада күміс медаль жеңіп алды.

Шешуші өнер көрсету барысында қазақстандық спортшы 248.5525 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған күміс жүлде әкелді.

Алтын медальді Ұлыбритания өкілі Ранджуо Томблин жеңіп алды – 255.9600 ұпай. Ал италиялық Филиппо Пелати 246.2639 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, кеше Виктор Друзин техникалық бағдарламада қола жүлдегер атанған болатын.