×
488.37
559.77
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.37
559.77
6.64

Ұлыбритания премьер-министрі 22 маусымда қызметінен кетуі мүмкін – БАҚ

Бүгін, 15:00
Ұлыбритания премьер-министрі 22 маусымда қызметінен кетуі мүмкін – БАҚ
aa.com

Британиялық БАҚ Ұлыбританияның премьер-министрі Кир Стармердің жақын арада қызметінен кетуі мүмкін екенін хабарлады. Observer басылымының мәліметінше, үкімет басшысы дүйсенбі, 22 маусымда отставкаға кететінін жариялап, қызметінен кету кестесін ұсынуы ықтимал, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПАРТИЯ ІШІНДЕГІ ҚЫСЫМ

Кейінгі айларда Стармердің саяси ұстанымы айтарлықтай әлсіреген. Ал 19 маусымда жағдай одан әрі шиеленісе түсті. Бұған оның басты ықтимал қарсыласы Энди Бернемнің Мейкерфилд сайлау округіндегі қосымша сайлауда жеңіске жетуі себеп болды.

Осылайша, Бернем парламенттен орын алып, Лейбористік партияның көшбасшылығына ресми түрде үміткер болуға мүмкіндік алды.

БАҚ мәліметінше, Стармер қазіргі уақытта өзінің саяси болашағын отбасымен бірге Чекерс резиденциясында талқылап жатыр. Сонымен қатар Лейбористік партияның ықпалды өкілдері аптаның басында оның нақты мәлімдеме жасауын күтіп отыр.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Лейбористік партияның Қауымдар палатасындағы 100-ден астам депутаты, яғни фракцияның шамамен төрттен бірі, Стармердің отставкаға кетуін ашық қолдап немесе оның қызметтен кету мерзімін жариялауын талап еткен.

ҰЛЫБРИТАНИЯНЫ ЖАҢА ПРЕМЬЕР КҮТІП ТҰР МА?

Кир Стармер шынымен қызметінен кетсе, Ұлыбритания соңғы 10 жылдан сәл астам уақыт ішінде жетінші премьер-министрін ауыстырмақ. Мұндай саяси тұрақсыздық деңгейі елде кейінгі екі ғасырға жуық уақыт ішінде болмаған.

Сарапшылар мұны британиялықтардың мемлекеттік қызметтердің жұмысына, заңсыз көші-қон мәселесіне және билік жұмысына деген наразылығының күшеюімен байланыстырып отыр.