×
487.01
557.87
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.01
557.87
6.59

Әлеуметтік желідегі арандату үшін қалай жазалайды?

Бүгін, 09:16
Әлеуметтік желідегі арандату үшін қалай жазалайды?
Фото: Pixabay

Бас прокуратура әлеуметтік желілерде арандатушылық сипаттағы жазбалар мен пікірлердің көбеюіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады.Ведомство азаматтарға араздықты қоздыру, заңсыз контент пен жалған ақпаратты таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Толығырақ

Мәселен, Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес, алауыздықты қоздырғаны үшін жасалған іс-әрекеттің ауырлығына қарай 2 мыңнан 7 мың АЕК дейін айыппұл салу не 2 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жаза көзделген.

Сонымен қатар Қазақстанда онлайн-платформаларда құқыққа қайшы контентті орналастыруға және таратуға тыйым салынған. Егер мұндай әрекеттерде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Таратылатын ақпараттың шынайылығын тексеруге ерекше назар аудару, сондай-ақ қоғамда алауыздық туғызуы мүмкін материалдарды жариялаудан және таратудан бас тарту қажет.

Жалған ақпаратты орналастырғаны және таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Ал көрінеу жалған ақпарат таратқан жағдайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауакершілік қарастырылған.

“Сондай-ақ мұндай жарияланымдардың авторлары ғана емес, оларды саналы түрде таратуға қатысқан адамдарға да құқықтық салдар туындайтынына назар аудартамыз. Бас прокуратура азаматтарды арандатушылыққа ермеуге, тексерілмеген ақпаратты таратпауға, қоғамдық келісіммен азаматтар арасындағы өзара құрметке нұқсан келтіруі мүмкін жарияланымдар мен пікірлерден бас тартуға шақырады”, – делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.