×
487.02
552.23
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.02
552.23
6.51

Қазақстанда бензин бағасы Ресей мен Қырғызстан деңгейіне жетеді - сарапшы

Бүгін, 09:44
Қазақстанда бензин бағасы Ресей мен Қырғызстан деңгейіне жетеді - сарапшы
kazpravda

"Қоғамдық мәселелерді талдау орталығының директоры" Меруерт Махмұтова бензин бағасы алдағы уақытта қымбаттай бере ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.   

Толығырақ

Сарапшы АИ-92 бензині алдағы уақытта да қымбаттай беретінін айтады. Оған мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру туралы келісім себеп болып отыр. 

“Қазақстанда бензин өндірісі ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Бірақ жанар-жағармай бағасының Ресей мен Қырғызстанға қарағанда төмен екенін де ескеру қажет. Бұл айырмашылық ұзақ уақыт бойы мемлекеттік субсидиялау мен бағаны реттеу есебінен сақталып келді. 2025 жылдың соңында Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО елдері 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру туралы келісімге келген болатын. Мұндай шешімдер қабылданған кезде Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарының соңғы уақытта дрон шабуылдарына ұшырап жатқанын да назарға алу керек”, – дейді ол.

Маман 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан бензин бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартып, баға өсіміне қойылған мораторийді алып тастағанын айтты.

“Сондықтан баға алдағы уақытта Ресей мен Қырғызстандағы деңгейге дейін өсуі мүмкін. Өйткені жанар-жағармайдың Қазақстаннан сыртқа шығуын, оның ішінде бензовоздармен де, канистрлермен де тасымалдануын тоқтату мәселесі өзекті болып отыр. Алайда Ресейдегі жанар-жағармай нарығындағы жағдай тұрақсыз болғандықтан, ол жақтағы баға мен тапшылықтың қашан тұрақтанатынын болжау қиын. Бағаны ұстап тұру үшін шекаралық бақылауды күшейтіп, жанар-жағармайдың сыртқа шығарылуын шектеу қажет болуы мүмкін. Бірақ қазіргі жағдайда мұндай қатаң шараларды енгізуге дайындық деңгейі жеткіліксіз сияқты”, – дейді Меруерт Махмұтова. 

Контекст

Қазір Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы 230–245 теңге болса, Ресейде 300–380 теңге, ал Қырғызстанда 330–420 теңге аралығында сатылады.