×
$
441.77
€
502.38
₽
5.23
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.77
€
502.38
₽
5.23

Қазақстанда ет бағасы қалай өзгеруі мүмкін?

Бүгін, 13:05
Қазақстанда ет бағасы қалай өзгеруі мүмкін?
pixabay

Қазір сиыр етінің орташа бағасы – бір келісі үшін шамамен 3,8 мың теңге. Бұл деректі Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова келтірді. Ол алдағы уақытта ет бағасы өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Нарықтағы баға қандай?

Астанада еттің бағасы орта есеппен 3,8 мың теңгеден басталып, 4 мың теңге және одан да жоғары.

«Шапағат» базарында сиыр етінің бір келісі шамамен 3,9 мың теңге болса, «Артём» базарында шамамен 4,4 мың теңгеден сатылып жатыр.

Бұл мәліметтерді Назгүл Хатепова Үкіметтегі брифингте айтты.

– Бағаның күрт өсуіне ешқандай негіз көріп отырған жоқпыз. Ішкі нарық отандық өндіріс есебінен толық қамтамасыз етіліп отыр. Былтырдың қорытындысында 434 мың тонна сиыр етін өндірдік. Биыл да өндіріс көлемінің артып келе жатқанын көріп отырмыз, – деді вице-министр.

Алайда Хатепова Ауыл шаруашылығы министрлігі бағаның қандай деңгейге көтерілуін «күрт өсу» деп есептейтінін және еттің қымбаттауын қандай тетіктер арқылы тежеуді жоспарлап отырғанын нақтыламады.

Контекст

Бұған дейін Сауда министрлігі Қазақстандағы ет бағасының өсуін әлемдік нарықтағы үрдістермен байланыстырған. Әлемде етке сұраныс артып келеді. Ал Парсы шығанағындағы жағдай қой еті бағасының құбылуына әсер еткен.