×
487.02
552.23
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.02
552.23
6.51

«Ол берілмей күресіп жатыр»: Трамп Зеленскийді қолдап сөйледі

Бүгін, 12:30
«Ол берілмей күресіп жатыр»: Трамп Зеленскийді қолдап сөйледі
Фото: Pool/ABACA/ABACAPRESS/IMAGO

«Қалай болғанда да, ол берілмей күресіп жатыр»... АҚШ президенті Дональд Трамп соғыс жағдайындағы Украина президенті Владимир Зеленскийдің іс-әрекетіне оң баға берді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

24 маусым күні Ақ үйде НАТО Бас хатшысы Марк Рюттенің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында Дональд Трамп журналистердің «Сіз Зеленский қазір жеңіп жатыр деп ойлайсыз ба?» деген сұрағына:

– Қалай болғанда да, ол берілмей күресіп жатыр. Екі жақтан да көп адам қаза тауып жатыр, бірақ менің ойымша, оның жағдайы жаман емес, бәрі біршама жақсы жүріп жатыр, – деп жауап берді.

Контекст

Бұған дейін Трамп Зеленскийді бірнеше рет сынға алған болатын. Атап айтқанда, ол Украина президентін соғысты бейбіт жолмен реттеу әрекеттеріне кедергі келтірді деп айыптаған. Алайда бұл жолғы мәлімдемесінде Трамп Зеленскийдің соғыс жағдайындағы ұстанымы мен әрекеттеріне салыстырмалы түрде оң көзқарас білдірді.

Бұған дейін Францияда өткен G7 саммиті аясында Дональд Трамп Ресейдің Украинамен бейбіт келісімге келуі қажет екенін айтқан.

24 маусымда Владимир Зеленский Украина халқына жасаған дәстүрлі үндеуінде «Егер G7 аясында талқыланған көмекті алатын болсақ, Ресейді бейбітшілікті таңдауға мәжбүр ететін жағдайларды жедел түрде қамтамасыз ете аламыз», – деген.

Кейінгі уақыттары Украина Ресейдің мұнай базаларына дрон шабуылын үдетті. Салдарынан Ресейде жанармай тапшылығы болуы мүмкін екені айтылуда. Алайда ресми Мәскеу мұны жоққа шығаруда.