×
486.47
554.77
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.47
554.77
6.26

Келісімнің күлі көкке ұшты ма?: АҚШ пен Иран тағы да бір-біріне соққы жасады

Бүгін, 10:34
Келісімнің күлі көкке ұшты ма?: АҚШ пен Иран тағы да бір-біріне соққы жасады
Фото: Ашық дереккөзден

АҚШ пен Иран атысты  тоқтату туралы келісімге қарамастан, бір-біріне тағы да соққы жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

АҚШ Орталық қолбасшылығы 26 маусым күні кешке Иранға соққы жасалғанын хабарлады. Бұл әрекет «бір күн бұрын Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан сауда кемесіне жасалған шабуылға қарымта жауап» болған.

– АҚШ әскери авиациясы Иранның зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары сақталған қоймаларына, сондай-ақ жағалаудағы радиолокациялық бекеттеріне соққы жасады. Бұған 25 маусым күні Иранның камикадзе-дрон арқылы Ever Lovely сауда кемесіне шабуыл жасауы себеп болды. Сингапур туы астында жүзген жүк кемесі шабуыл кезінде Оман жағалауын бойлай Ормуз бұғазынан шығып бара жатқан. Бұл негізсіз агрессия атысты тоқтату режимін өрескел бұзды, – делінген мәлімдемеде.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның келісімді бұзу әрекетін “ақымақтық” деп атады. Ол Truth Social желісінде Тегеран Ормуз бұғазынан өтіп бара жатқан кемеге төрт дрон ұшырғанын жазды. 

Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери нысандарына соққы жасағанын хабарлады. Тегеран егер «агрессия қайталанса», оған «бұдан да ауқымды жауап берілетінін» ескертті.

Иран әскери өкілдері өздерінің ешқандай келісімді бұзбағанын айтып, Вашингтонмен жасалған келісім ТегеранғаОрмуз бұғазындағы кеме қатынасын бақылау құқығын бекіткенін мәлімдеді.

– АҚШ түрлі арандатушылық әрекеттер арқылы осы міндеттемені бұзуға тырысты. Соған сәйкес қажетті жауап берілді, – деп мәлімдеді Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы.

Контекст

АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге 17 маусымда қол қойған. Бірақ бұл түпкілікті келісім емес. Тараптар 60 күн ішінде түпкілікті келісімге келу үшін келіссөздер жүргізіп, бір мәмлеге келуі тиіс.