×
486.47
554.77
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.47
554.77
6.26

Қазақстандық ескек есушілер әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды

Бүгін, 11:02
Қазақстандық ескек есушілер әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Швейцарияның Люцерн қаласында академиялық ескек есуден әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстандықтар Екатерина Носкова және Мария Чернец жеңіл салмақта әйелдер арасындағы жұптық есу бағдарламасында қола жүлдеге ие болды. Отандастарымыз 07:21.91 уақыт көрсеткішін тіркеді.

Жапония құрамасы алтыннан алқа тақты - 07:14.74. Екінші орынды Перу құрамасы иеленді - 07:18.51.

Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 28 маусымда аяқталады.