×
486.47
554.77
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.47
554.77
6.26

Тимур Турлов өзін жаңа бір лауазымға ұсынды

Бүгін, 16:08
Тимур Турлов өзін жаңа бір лауазымға ұсынды
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президентінің орынбасары қызметіне өз кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

FIDE-нің жаңа басшылық құрамын сайлау 2026 жылдың 26–27 қыркүйегінде Самарқандта ұйымның Бас ассамблеясы аясында өтеді. Осы күндері әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған гроссмейстер мен шахмат жанкүйерін жинайтын 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы да ұйымдастырылады.

“Өзім үшін маңызды шешім қабылдадым. FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурамды ұсынамын. Мақсатым – қазақстандық тәжірибені әлемдік деңгейге шығару. Осы 3,5 жыл ішінде қол жеткізген нәтижелеріміз маған мына жайтты анық көрсетті. Біздің Қазақстанда қолданып отырған тәсіліміз өзін толық ақтады, енді оны әлдеқайда кең ауқымда, әлемдік шахмат деңгейінде қолдануға болады”, – деп жазды ол.

FIDE ережелеріне сәйкес, президент пен оның орынбасары (Deputy President) сайлауға ортақ тізіммен түседі. Осыған байланысты Тимур Турлов алдағы сайлау науқанына қатысатын FIDE-нің қазіргі басшысы Аркадий Дворковичтің командасының құрамына кірді.

Контекст

Тимур Турлов Қазақстан шахмат федерациясын 2023 жылдан бері басқарып келеді.