×
474.47
541.37
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.47
541.37
6.08

Алматы облысында пара есебінде екі iPhone алған үш салық қызметкері сотталды

Бүгін, 18:05
Алматы облысында пара есебінде екі iPhone алған үш салық қызметкері сотталды

Алматы облысында мемлекеттік кірістер басқармасының үш қызметкері екі iPhone 17 Pro смартфоны түріндегі пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ СҰРАП, ЕКІ iPHONE-ҒА КЕЛІСКЕН

Іле аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, камералдық бақылау барысында салық органдары жеке кәсіпкердің табысын төмендетіп көрсеткенін анықтап, заңбұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолдаған.

Алайда соттың анықтауынша, лауазымды тұлғалар заң талаптарын орындаудың орнына кәсіпкерден банктік шоттарына бұғат қоймау және салықтық хабарламаны кері қайтарып алу үшін 5 миллион теңге талап еткен.

Кейін келіссөзге бөлім басшыларының бірі араласып, делдал болған. Осыдан кейін мәміле шарты өзгеріп, шенеуніктер ақшаның орнына жалпы құны 1,5 миллион теңге болатын екі iPhone 17 Pro смартфонын алуға келіскен.

Телефондарды алғаннан кейін Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері заңды негіз болмаса да, салықтық хабарламаның орындалғаны туралы негізсіз шешім қабылдаған.

СОТ ШЕШІМІ

Сот барлық үш айыпталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен және өздерінің кінәсін толық мойындаған жауаптарымен дәлелденгенін атап өтті.

Жаза тағайындау кезінде сот олардың жасаған ісіне өкінгенін және кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерген.

Сот үкімімен:

  • басқарма басшысы 52 миллион теңге көлемінде;

  • бөлім басшысы 52,5 миллион теңге көлемінде;

  • делдал болған қызметкер 15 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сонымен қатар үшеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Пара ретінде берілген iPhone 17 Pro смартфондары заттай дәлел ретінде мемлекет кірісіне тәркіленді. Бұдан бөлек, сотталғандар Жәбірленушілерге өтемақы қорының пайдасына мәжбүрлі төлемдер төлеуге міндеттелді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.