×
472.03
540.29
6.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.03
540.29
6.11

Трамп 4 шілдеде Зеленскиймен және Путинмен сөйлесті

Бүгін, 13:05
Трамп 4 шілдеде Зеленскиймен және Путинмен сөйлесті
Getty images

АҚШ президенті Дональд Трамп 4 шілде – АҚШ-тың Тәуелсіздік күні Владимир Зеленский және Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Украинадағы соғыс және алдағы дипломатиялық байланыстар талқыланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Зеленскиймен әңгіме

Владимир Зеленский Трамп пен АҚШ халқын ұлттық мерекемен құттықтағанын, сондай-ақ, Украинаға көрсетіп жатқан қолдауы үшін алғыс айтқанын хабарлады.

Оның сөзінше, әңгіме кезінде тараптар майдандағы жағдайды және соғысты тоқтатудың ықтимал жолдарын талқылаған.

Сондай-ақ, Зеленский Анкарада өтетін НАТО саммиті кезінде Трамппен жеке сөйлесуге келіскенін айтты.

Путинмен әңгіме

Трамп пен Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлескені туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді.

Оның айтуынша, Путин Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Америка мемлекетінің қалыптасуында Ресейдің де рөлі болғанын еске салған.

Тараптар ортақ тарихи кезеңдерді, соның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі одақтастықты да сөз еткен.

Жыл басынан бері Трамп пен Путин телефон арқылы төрт рет сөйлескен.

Келіссөздер аясында ТАСС дереккөзіне сілтеме жасап, АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер тамыздың аяғына дейін Ресейге баруы мүмкін екенін хабарлады. Әзірге ықтимал сапардың нақты күні айтылған жоқ.