×
472.03
540.29
6.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.03
540.29
6.11

Домбыраның қоңыр үніне тәнті болған АҚШ елшісі қазақ мәдениетіне құрмет білдірді

Бүгін, 13:21
Домбыраның қоңыр үніне тәнті болған АҚШ елшісі қазақ мәдениетіне құрмет білдірді
Видео кадры

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт отбасымен бірге домбыра сабағына қатысып, қазақтың ұлттық аспабына деген құрметін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елші домбыраның қазақ мәдениетіндегі орны ерекше екенін атап өтіп, оның қоңыр үні халықтың рухани қазынасымен тығыз байланысты екенін айтты.

– Домбыраның қоңыр үні – қазақ мәдениетінің баршаға ортақ қазынасы. Осы әсем күйлерді отбасыммен бірге тыңдап, үйрену мүмкіндігі туғанына зор құрметпен қараймыз, – деді Джули Стаффт.

Бұл сәт әлеуметтік желі қолданушыларының да назарын аударды. Жұрт АҚШ елшісінің қазақ мәдениетіне қызығушылық танытып, ұлттық өнерді отбасымен бірге үйренуге ниет білдіргеніне жылы лебізін білдіріп жатыр.

Айта кетейік, Джули Стаффт АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметіне 2025 жылғы 7 қазанда бекітілген. Ал Қазақстанда Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде атап өтіледі.