×
472.03
540.29
6.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.03
540.29
6.11

Қазақстандықтарға балконға ту ілуге рұқсат беріледі

Бүгін, 11:10
Қазақстандықтарға балконға ту ілуге рұқсат беріледі
ашық дереккөз

Қазақстан Үкіметі мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді. Енді мемлекеттік туды балкондарға орналастыруға, сондай-ақ спортшыларға оны спорттық киімдеріне бейнелеуге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕР

Жаңа талаптарда жеке және заңды тұлғалар туды ғимараттарға, оның ішінде балкондарға 45 градус бұрышпен іле алатыны көрсетілген. Сондай-ақ мемлекеттік туды салтанатты іс-шаралар өтетін орындарда орналастыруға болады.

НЕ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ?

Құжатта туға қойылатын бірқатар талаптар да белгіленген. Мемлекеттік ту ұлттық стандартқа сай болуы керек. Ол жерге, еденге немесе суға тимеуі, зақымданбауы, кірлемеуі, өңі түспеуі және басқа да ақаулары болмауға тиіс.

Сонымен қатар мемлекеттік туды жарнамалық мақсатта пайдалануға, сондай-ақ оны киім, төсек-орын, перде, дастарқан, кілем және өзге де жабын ретінде қолдануға тыйым салынады.

СПОРТШЫЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ӨЗГЕРІС

Жаңа ережелердегі тағы бір жаңашылдық спортшыларға қатысты. Қаулы жобасына сәйкес, енді спорттық киімдер мен жабдықтарға мемлекеттік тудың бейнесін орналастыруға рұқсат етіледі.

Құжатта мемлекеттік рәміздерді стендтерде, плакаттарда және ресми интернет-ресурстарда орналастыру тәртібі де нақтыланған.