×
471.04
538.54
6.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.04
538.54
6.17

Трамп Иранмен арадағы бітімнің аяқталғанын мәлімдеді

Бүгін, 14:28
Трамп Иранмен арадағы бітімнің аяқталғанын мәлімдеді
aif.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы атысты тоқтату режимінің енді күшінде емес екенін мәлімдеді. Ол бұл туралы НАТО саммиті кезінде журналистерге айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Америка президентінің сөзінше, Вашингтон өзара түсіністік туралы меморандумды енді жарамды деп есептемейді және Тегеранмен әрі қарай келіссөз жүргізудің мәні жоқ.

– Иранмен бітім аяқталды. Бұл келісімді қабылдамаймын. Бәрі бітті. Олармен келіссөз жүргізу – уақытты босқа өткізу. Олар өте көп өтірік сөйлейді. Үнемі өтірік айтады. Олар – өтірікшілер, алаяқтар, психикалық тұрғыдан сау емес адамдар, – деді Трамп.

Сонымен қатар АҚШ президенті америкалық әскердің өткен түні Иран аумағына «өте қуатты» соққы жасағанын растады.

– Біз оларға «Жерлеу рәсімдеріңізбен айналысыңыздар» дедік. Алаййда оның орнына олар кемелерге зымыран ұшыра бастады. Сондықтан біз өткен түні оларға өте ауыр соққы бердік, – деді ол.

КОНТЕКСТ

Өткен түні АҚШ Иран аумағындағы 80-нен астам нысанаға соққы жасады. Вашингтон мұны Ормуз бұғазы арқылы өткен үш коммерциялық кемеге жасалған шабуылға жауап деп түсіндірді.

Шабуылдан кейін Тегеран жауап беретінін мәлімдеп, АҚШ билігі Иранның мұнай секторына қарсы жаңа шектеулер енгізетінін хабарлады.

Кейін Ислам революциясы сақшылар корпусы Бахрейн мен Кувейттегі АҚШ-тың 85 әскери нысанына жауап ретінде соққы жасалғанын мәлімдеді.