АҚШ президенті Трамп Иранға қарсы әскери соққыларды қайта бастауға бұйрық берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
АҚШ Қарулы күштері Иран аумағына қайтадан соққы жасай бастады. Ресми мәлімет бойынша, операцияның мақсаты – Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз қатынасына төнген қауіп-қатерді азайту.
Шабуыл Трамптың тапсырмасымен жүзеге асырылды. Бұған дейін ол Иранмен арадағы бітімнің күшін жойғанын мәлімдеген еді. Ал Тегеран Вашингтонмен жүргізіліп жатқан келіссөздерді тоқтатты.
Әскери іс-қимылдардың қайта жандануы Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) коммерциялық кемелерге жасаған кейінгі шабуылдарымен байланысты екені айтылды.
ПІКІР
– АҚШ коммерциялық кемелер мен олардың азаматтық экипаждарына қарсы еш себепсіз жасалған кейінгі шабуылдарға Иранға жауапты, – делінген АҚШ Орталық қолбасшылығының мәлімдемесінде.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін АҚШ президенті Трамп Иранмен арадағы атысты тоқтату режимі енді күшінде емес екенін мәлімдеген еді. Оның сөзінше, Вашингтон өзара түсіністік туралы меморандумды жарамсыз деп есептейді және Тегеранмен келіссөздерді жалғастырудың мәні жоқ.