×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Түркияда екі қазақстандықты құтқару үшін үйіндіні аршу жұмыстары басталды

09.02.2023, 11:46
видеодан кадр

Түркияның Хатай қаласындағы Қазақстан азаматтарын құтқару үшін олардың болжалды орналасқан жерінде үйінділерді аршу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Astana Hub технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев айтты.

Оның сөзінше, жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен екі қазақстандық Мирус Құрмашев пен Әділ Қадырбековты құтқару үшін олардың болжалды орналасқан жеріне кран әкелінген.

Айта кетсек, бұдан бұрын Түркияда үйінді астында қалған қазақстандықтарды құтқару үшін техника жетпей жатқаны хабарланған.

"Үйінді астында тірі адамдар жатқанына қарамастан, іздеу, қазу жұмыстары өте баяу жүріп жатыр. Процесті жеделдету үшін техника, адамдар, кран керек. Минуттардың өзі тағдыршешті", - деген еді Мағжан Мәдиев.

Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігі Газиантептегі объектілердің бірінде қазақ құтқарушылары үйінділердің астынан 3 адамды тірідей алып шыққанын мәлімдеді.

Видеода қазақстандық құтқарушылар қираған конструкциялардың астында және сол жерден адамдарды жоғарыдағы түрік әріптестеріне жеткізіп жатыр.

Құлаған тоғыз қабатты үйдің қирандыларының астынан бір қарт адам мен екі жас жігіт шығарып алынды. Қазақстандық құтқарушылар оларға бірінші болып барып, адамдарды Түркиялық әріптестеріне және медициналық қызметтерге тапсырды.
 

Серіктес жаңалықтары