×
467.98
533.87
6.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.98
533.87
6.11

Шри-Ланкалық отбасы жалған құжатпен Қазақстанға өтпек болған

Бүгін, 13:03
Шри-Ланкалық отбасы жалған құжатпен Қазақстанға өтпек болған
thevocket.com

Таиландтың иммиграциялық қызметі Шри-Ланкадан шыққан отбасының жалған құжаттарды пайдаланып Қазақстанға заңсыз өтпек болған әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Vocket басылымына сілтеме жасап, ulysmedia.kz хабарлайды.

НЕ БОЛДЫ?

Таиландта Шри-Ланкадан шыққан отбасын Қазақстанға заңсыз жеткізуге әрекет жасады деген күдікпен екі әйел ұсталды. Олар сапар барысында Малайзия төлқұжаттарын пайдаланған. Алайда құжаттардың бір бөлігі басқа адамдардың атына рәсімделгені анықталған.Таиландтың иммиграциялық қызметінің мәліметінше, отбасында анасы мен 14 және 5 жастағы екі ұлы бар. Алдымен олар Таиландқа Шри-Ланка төлқұжаттарымен кіріп, кейін Малайзияға барған.

ҚАЗАҚСТАНҒА ҰШПАҚ БОЛҒАН

Малайзиядан олар Бангкоктағы Суварнабхуми халықаралық әуежайы арқылы Қазақстанға ұшуды жоспарлаған. Отбасымен бірге жүрген Малайзия азаматы Ливия өзін балалардың анасы ретінде таныстырған.Алайда әуе компаниясының қызметкерлері құжаттардағы сәйкессіздікті байқап, жолаушыларды рейске жібермеген.

Осыдан кейін бағыт өзгертіліп, отбасы Мьянма арқылы Қазақстанға қайта өтпек болған. Бірақ 17 маусымда олар Бангкоктағы Донмыанг әуежайында ұсталды.

ТЕРГЕУ НЕНІ АНЫҚТАДЫ?

Тексеру барысында Ануса мен оның үлкен ұлы басқа адамдарға тиесілі Малайзия төлқұжаттарын пайдаланғаны белгілі болды. Ал кіші баланың қолындағы Малайзия төлқұжаты түпнұсқа. Халықаралық құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыстық топ Шри-Ланкадан шыққан балаларға Малайзияның заңды туу туралы куәліктерін рәсімдеп, кейін солардың негізінде ресми төлқұжат алған.

Мұндай құжаттар өзге елдерге заңсыз кіру үшін пайдаланылған. Қазір олаға қатысты жол жүру құжаттарын заңсыз пайдалану фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Таиланд билігі бұл істе балалар саудасының белгілері анықталмағанын мәлімдеді.Қазіргі уақытта екі бала мемлекеттің қорғауына алынған. Тергеу аяқталғаннан кейін олар дипломаттардың қатысуымен Шри-Ланкаға қайтарылады.

Сондай-ақ Таиландтың иммиграциялық қызметі осындай заңсыз көші-қон схемаларының алдын алу үшін халықаралық әуежайлардағы бақылауды күшейтетінін хабарлады.