×
467.41
533.88
6.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.41
533.88
6.14

Трампқа қастандық жасалмақ болған – CNN тың дерек жариялады

Бүгін, 10:00
Трампқа қастандық жасалмақ болған – CNN тың дерек жариялады
tv8.md

CNN Иранның Трампқа қастандық жасау жоспары туралы барлау мәліметін АҚШ-қа Израиль жеткізгенін хабарлады.

МӘН-ЖАЙ

Израиль АҚШ-қа Иранның Дональд Трампқа қастандық жасауды жоспарлағаны туралы барлау мәліметтерін берген. Бұл туралы CNN телеарнасы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Телеарнаның мәліметінше, осы аптада АҚШ тарапы нақты жоспарға қатысты жаңа ескерту алған. Кейінгі бірнеше апта бойы Вашингтонға президенттің қауіпсіздігіне төнуі мүмкін қатерлер жөнінде түрлі ақпараттар тұрақты түрде келіп отырған. Алайда америкалық билік Израиль ұсынған жаңа барлау деректерін әзірге өз бетінше растап үлгермеген.

КЕБЙІР ШЕНЕУНІКТЕР БҰЛ ЕСЕПКЕ КҮМӘНМЕН ҚАРАЙДЫ

CNN дереккөздерінің айтуынша, АҚШ-тағы кейбір шенеуніктер бұл есепті Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ақ үйдің шешімдеріне ықпал ету әрекеті ретінде бағалайды. Олардың пікірінше, Нетаньяху осылайша АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігін Иранға қарсы әскери іс-қимылды күшейтуге итермелеуге тырысуы мүмкін.

Әзірге Ақ үй де, Израиль тарапы да бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.