«Қазгидромет» синоптиктері 13 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ең жоғары температура Астанада тіркеледі. 13–15 шілде аралығында күндіз ауа температурасы +35...+39 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар, елордада өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз +35...+38 градусқа дейін ысиды.
Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы +35...+36 градусқа дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы құбылмалы болады. Мұнда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел тұрады. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін күшеюі ықтимал.
Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында және Жетісу облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Бұл өңірлердің басым бөлігінде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Алматыда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.
Қызылорда облысының солтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында да шаңды дауыл болжанып отыр. Сонымен қатар, өңірдің таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді.
Түркістан облысында жауын-шашын күтілмейді. Дегенмен желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Елдің бірнеше өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Төтенше өрт қаупі Алматы, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Абай, Жамбыл және Ақтөбе облыстарының жекелеген аудандарында жарияланған.
Ал Астана қаласында, Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Ұлытау және Жетісу облыстарында өрт қаупі жоғары деңгейде болады.