×
464.71
531.26
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
464.71
531.26
6.05

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

Бүгін, 09:05
Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады
Adrian Pingstone / Wikimedia Commons

Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктеріне рейстерді уақытша тоқтататты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Компанияның мәліметінше, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы – Дубай – Алматы рейстері, сондай-ақ 14 шілдеге жоспарланған KC205/206 Астана – Дубай – Астана рейстері орындалмайды.

– Әуе тасымалдаушысы жолаушыларға билет құнын сатып алынған орны бойынша толық қайтаруды немесе 12-18 шілде аралығына жоспарланған рейстерді 31 шілдені қоса алғанға дейін тегін қайта брондауды ұсынады, – делінген хабарламада.

Air Astana рейстер кестесіндегі алдағы өзгерістер туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ компания Таяу Шығыстағы жағдайды жіті бақылап отырғанын және жолаушыларды елге қайтару мәселелері бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Астанадан Дубайға ұшқан Air Astana ұшағы діттеген жеріне жетпей, кері қайтқанын хабарлаған едік.

KC205 рейсі Астанадан 12 шілдеде таңғы 07:10-да ұшып шыққан. Алайда жолда әуе компаниясы ұшақты әуежайға кері қайтару туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар Air Astana 12 шілдеде сағат 08:50-де ұшуға тиіс Алматы - Дубай бағытындағы KC897 рейсін де тоқтатты.