×
477.11
545.58
6.2
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.11
545.58
6.2

Қазақстанның оңтүстігінде 45 градусқа дейін ыстық болады

Бүгін, 09:05
Қазақстанның оңтүстігінде 45 градусқа дейін ыстық болады
24.kg

Синоптиктер Қазақстандағы алдағы күндердің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

14 шілдеден бастап еліміздің солтүстік өңірлерінде аптап ыстық біршама бәсеңдейді. Солтүстік-батыс циклонының әсерінен жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.

15-16 шілде күндері бірқатар өңірде өткінші жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Кей жерлерде нөсер жауып, бұршақ түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін. Күндіз солтүстік аймақтарда ауа температурасы +25…+30 градусқа дейін төмендейді.

Ал еліміздің оңтүстік және шығыс өңірлерінде Өзбекстан аумағынан келетін құрғақ әрі ыстық ауа массаларының ықпалы сақталады. Бұл өңірлерде жауын-шашын жаумайды. Күндіз оңтүстікте ауа температурасы +40…+45 градусқа, шығыста +33…+38 градусқа дейін көтеріледі.