×
469.83
536.83
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.83
536.83
5.97

Англия Францияны ойсырата жеңіп, алғаш рет әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді

Бүгін, 09:10
Англия Францияны ойсырата жеңіп, алғаш рет әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді
championat.com

Англия құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Олар аса тартысты өткен матчта Францияны 6:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Англиялықтар алғашқы таймның өзінде қарсылас қақпасына жауапсыз төрт гол соғып, айқын басымдыққа ие болды. Екінші таймда Франция құрамасы камбэк жасауға жақын болып, есеп айырмасын бір голға дейін қысқартты. Алайда Англия жеңісті уысынан шығармай, өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды.

Кездесудің басты қаһарманы Букайо Сака болды. Ол хет-трик авторы атанды. Сондай-ақ Деклан Райс, Эзри Конса және Джуд Беллингем бір-бір голдан соқты.

Франция сапында Килиан Мбаппе дубль жасаса, Брэдли Баркола мен Усман Дембеле де мергендер қатарынан көрінді.

МБАППЕ РЕКОРД ЖАҢАРТТЫ

Ойын барысында Килиан Мбаппе турнирдегі оныншы голын соғып, үздік сұрмергендер жарысында жеке-дара көш бастады. Сонымен қатар әлем чемпионаттарындағы гол санын 22-ге жеткізіп, бұл көрсеткіш бойынша Лионель Мессиді басып озып, мундиалдар тарихындағы ең үздік бомбардир атанды.

ТАРИХИ ЖЕТІСТІК

Бұл – Англия құрамасының әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы қола жүлдесі. Бұған дейін 1966 жылы өз жерінде чемпион атанған ағылшындардың кейінгі ең жоғары нәтижесі 1990 және 2018 жылдардағы төртінші орын болған еді.

2026 жылғы әлем чемпионаты 19 шілдеде өтетін финалдық матчпен аяқталады. Бас жүлде үшін Испания мен Аргентина құрамалары кездеседі.