Алматыда кәмелетке толмаған қызды бір топ жасөспірімнің аяусыз ұрып жатқан видеосы интернетте тарағаннан кейін полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Кадрларда жасөспірім қыздың бетінен ұрғаны, шашынан сүйрегені, қорлағаны және тізерлеп тұруға мәжбүрлегені көрінеді. Оқиғаның барлығы ұялы телефонға түсірілген.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қарағанда, бұл видеоны соққыға қатысқан қыздардың бірі ашық қолжетімділікке жариялауы мүмкін. Кейін видео өшірілгенімен, сол уақытқа дейін ол интернетте кеңінен тарап үлгерген.
ПОЛИЦИЯ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАДЫ
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жасөспірімді ұрып-соғу сәттері түсірілген жарияланымды анықтаған.
Осыдан кейін Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Полиция барлық қатысушылардың жеке тұлғалары анықталғанын хабарлады. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында.