×
469.83
536.83
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.83
536.83
5.97

Украина Мәскеу аумағын дронмен атқылады

20.07.2026, 12:12
Украина Мәскеу аумағын дронмен атқылады

20 шілдеге қараған түні Мәскеу облысы жаппай ұшқышсыз ұшақтар шабуылына ұшырады. Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің мәліметінше, барлығы 400-ден астам дрон тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Шабуылдан кейін Мәскеу облысындағы бірнеше нысанда өрт шыққан. Подольск қаласындағы мұнай базасы мен Домодедоводағы «Южные Врата» индустриялық паркінде өрт болғаны хабарланды. Алты адам жарақат алған.

Мәскеу облысының билігі жеке үйлер мен азаматтық инфрақұрылым нысандарына зақым келгенін де мәлімдеді.

WILDBERRIES ТАҒЫ ДА ШАБУЫЛҒА ҰШЫРАДЫ

Мониторинг арналарының мәліметінше, Мәскеу түбіндегі Коледино елді мекеніндегі Wildberries логистикалық орталығына шабуыл жасалған. Қызметкерлер эвакуацияланған. Әлеуметтік желілерде күшті өрт түсірілген кадрлар тарады.

Бұл компания нысандарына жасалған алғашқы шабуыл емес. 18 шілдеге қараған түні дрондар Мәскеу облысындағы Электросталь қаласындағы және Тамбов облысының Котовск қаласындағы Wildberries логистикалық орталықтарына соққы берген.

Котовскідегі қоймаға жасалған шабуылдан кейін түнгі ауысымда жұмыс істеген жеті қызметкер қаза тауып, тағы 25 адам жарақат алған. Электростальдағы қоймаға жасалған соққыдан кейін ондаған адам жараланған.