Ресейде Сталинге тағы бір ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
19 шілдеде Вологда облысынның Череповец қаласында Совет одағының диктаторы Иосиф Сталинге тағы бір ескерткіш ашылды.
Ескерткіште Сталин мен металлург Иван Бардин бейнеленген. Ашылу рәсіміне губернатор Георгий Филимонов пен «Түнгі қасқырлар» мотоклубының жетекшісі Александр Залдостанов және билікшіл партиялардың жақтастары қатысқан.
Монумент облыс губернаторының бастамасымен қала бюджеті есебінен орнатылған.
Филимонов Сталин мен Бардинді Череповецті ірі өнеркәсіп орталығына айналдырған тарихи тұлғалар деп атап, қала көшелерінің біріне Сталиннің есімін беру идеясын қолдайтынын мәлімдеді.
БАҚ мәліметінше, 2024 жылдың аяғынан бері Вологда облысында Сталинге осымен төртінші ескерткіш ашылған. Кейінгі жылдары Ресейдің өзге өңірлерінде де мұндай монумент саны артып келеді.
Тарихшылардың бағалауынша, Сталин билігі кезінде Совет одағында миллиондаған адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Оның ішінде мал-мүлкінен айырылған, аштықтан қырылып, «халық жауы» деген айдар тағылып, жер аударылып, атылған қазақтар да бар.
Ресейде Сталинге қойылған ескерткіштердің басым бөлігі Владимир Путин билігі кезеңінде орнатылған. Әсіресе 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап алғаннын кейін олардың саны екі есе өскен.