Атырау облысында есірткі заттарын таратумен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
Полиция мәліметінше, Атырау облысында есірткі заттарын таратумен айналысты деген күдікпен 41 жастағы ер адамды ұсталды. Тінту барысында күдіктінің автокөлігінен 125 грамм есірткі табылған.
Сондай-ақ оқиға орнында жасырған жерінен 81 грамм есірткі тәркіленған. Кейіннен оның 206 грамм болатын Альфа-pvp синтетикалық есірткісі екені анықталған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, іс сотқа жолданған.