×
476.07
541.86
6.08
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.07
541.86
6.08

Көкшетаудағы көлік жуу орнында 18 жастағы жұмысшыны тоқ соғып, қаза тапты

Бүгін, 11:23
Көкшетаудағы көлік жуу орнында 18 жастағы жұмысшыны тоқ соғып, қаза тапты
Ulysmedia.kz коллажы

Көкшетаудағы көлік жуу орындарының бірінде қайғылы жағдай болып, 18 жастағы жұмысшы қаза тапты. Ал оның кәмелетке толмаған әріптесі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Алдын ала мәліметке сәйкес, жұмысшылар металл құрылымды бөлшектеу кезінде абайсызда электр желісіне тиіп кеткен. Соның салдарынан 18 жастағы жігітті тоқ ұрып, ол оқиға орнында көз жұмған. Оның жанында болған жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Жасөспірім дәрігерлердің бақылауында

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен жасөспірімнің жағдайы қазір тұрақты. Оқиғадан кейінгі алғашқы сағаттарда ол жансақтау бөлімінде дәрігерлердің тәулік бойғы бақылауында болған.

Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен ол ауруханада қалып, қажет ем-домын алып жатыр.

Қайғылы оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары соталды тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Тергеушілер болған жағдайдың барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.